Зеленский Трамптың Газа жоспарын «тарихи» деп атады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Зеленский Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату үшін осындай келісім жасалатынына үміттенеді, деп хабарлайды Анадолы.

Зеленский Трамптың Газа жоспарын «тарихи» деп атады
Фото: Анадолы

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы жағдайды реттеу жоспарын «тарихи» деп атады. Ол бұл туралы Fox News арнасында мәлімдеген.

Зеленский америкалық көшбасшы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату үшін де осындай келісім жасайтынына үміттенеді. 

— Ол (Трамп — ред.) Путинге қысымды күшейту және Украинадағы соғысты тоқтату үшін дәл осындай құралдарды пайдаланады деп үміттенемін, — деді Зеленский. 

Сондай-ақ Зеленский Трамппен не туралы сөйлескенін айтты.

— Ресей американдықтардың бізге Томагавктарды («ракета» - ред.) беруі мүмкін деп қорқатынын көріп те, естіп те жүрміз. Бұл қысымның мұндай түрі бейбітшілік үшін жұмыс істей алатынының белгісі», — деді Зеленский Telegram-да. 

Украина басшысының айтуынша, ол Трамп екеуі оның командалары энергетика мен газды қоса алғанда, барлық негізгі мәселелерді талқылайды деп келісті.

Еске салайық, Трамп пен Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Нью-Йорк қаласында кездесті.

Сондай-ақ Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар