Зеренді ауданында 1050 соғыс және тыл ардагеріне мерекелік медальдар табысталды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының әкімі Ербол Сағдиев жергілікті мәдениет үйінде бір топ қарт жауынгерлер мен тыл ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай мерекелік медальдарды табыстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сахна төріне көтерілген бүлдіршінідер, жас буын өкілдері мен қарт майдангерлер ұрпақ сабақтастығының көрінісін баян етіп, бір-біріне ізеттілік, жақсы лебіз білдірісті. Өңір басшысы салтанат барысында Зеренді ауылдық округі аумағындағы қарт жауынгерлер мен тыл тарландарының омырауына мерекелік медальдарды қадап, бақытты тұрмыс, зор денсаулық тіледі. Жалпы аудан бойынша осындай сый-құрметке Елбасының жарлығы бойынша бір мың 50 адам иелік етіп отыр. Жиын соңында өңір басшысы гүл шоқтарын, мерекелік сыйлықтарын табыстады. Бұған дейін әр соғыс ардагері республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден қарастырылған ақшалай сыйлықтарды алған еді. Кездесу соңында жергілікті өнер шеберлері ән мен биден шашу шашып, сый-құрмет көрсетті.

Соңғы жаңалықтар