Зеренді ауданында екі мәдениет ошағы жұртшылық игілігіне берілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Елтай және Ортағаш ауылдарында жекешелендіріліп кеткен мәдениет ошақтары қайта қалпына келтіріліп, жұртшылық игілігіне берілді.

Зеренді ауданында екі мәдениет ошағы жұртшылық игілігіне берілді - Ақмола облысы

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Таласбаеваның айтуынша, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен екі жарым миллион теңгеден астам қаржы қарастырылды. Тиісті күрделі жөндеу жұмыстары шешімін тауып, қажетті жиһаздармен қамтылып, музыка аспаптары сатып алынған. Ауылдастары кезінде меншіктеп алған нысандарды өз еріктерімен ел кәдесіне жаратуға ұсынған абзал азаматтарына ризашылықтарын білдірісіп жатыр. Нысанның жөндеу жұмыстарына ауыл болып атсалысып, қаржылай көмек қолын ұсынып, өздері де қолұштарын берген көрінеді. Енді міне, баршасы ортақ қуанышқа кенеліп отыр.

Жалпы бүгінде аудан көлемінде 42 мәдениет ошағы халыққа қызмет етуде.