Зерендіде 24-ші қысқы «Хрусталь масақ» спартакиадасының жалауы көтерілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Бүгін Ақмола облысына қарасты көрікті Зеренді тауы баурайында 24-ші облыстық қысқы «Хрусталь масақ» спартакиадасының жалауы көтерілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Юрий Соловьевтің айтуынша, биылғы жылы аймақтың әр түкпірінен 720 спортшы келіп, бақтарын сынауда. Спорттың бес түрі бойынша өткізілетін үшкүндік сайыс барысында 17 аудан мен Көкшетау, Степногор қалаларынан келген үміткерлер арасынан жүзден жүйрік шыққандар анықталып, арнайы сый-сияпат табысталатын болады. Соған орай Зеренді орманында ерлер мен әйелдер бес, он шақырымдық қашықтықта күш сынасып, эстафетаға қатыспақ. Ал әуесқой балықшылар Зеренді көлінде жүлдегерлерін анықтайды. Президенттік көпсайысқа қатысатындар жас ерекшеліктеріне қарай бес топқа бөлініп, 12 жүлдені сарапқа салады. Сайыстың отбасылық түрінде ата-анасы-баласы алты шақырымды жүріп өтулері керек.

Соңғы жаңалықтар