Зерендіде біздің дәуірімізге дейін 4 мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы Абай ауылы маңында біздің дәуірімізге дейін төрт мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылды.

Зерендіде біздің  дәуірімізге дейін 4 мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылды - Ақмола облысы

Ақмола облысы бойынша тарихи құндылықтарды қорғау және пайдалану жөніндегі орталық директоры Талғат Ыбыраевтың айтуынша, табиғат байлығын пайдаланушылар қазба жұмыстары кезінде қандай да бір тарихи құндылықтарға кез болса бұл туралы дереу тиісті орындарға хабар беруге міндетті көрінеді. Міне, ауыл маңындағы карьерде құм алу жұмыстарын бастаған «Юна» жауапкершілігі шектеулі серіктестік әкімшілігі өздерінің қуанышты жаңалықтарын мұрағат қызметкерлеріне хабарлаған. Қызметкерлер қазба жұмыстары кезінде қыштан жасалған сегіз ыдысқа кезіккен. Орталық мамандары оның тарихи маңыздылығын дәлелдеп, қазба жұмыстарын уақытша тоқтата тұруды сұраған.