Зерттеулердің негізінде жел электр стансыларын салуға қолайлы сегіз аймақ таңдалып алынды
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасының тұжырымдамалық мақсаты жайында Мәжіліс депутаттары алдында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов баяндама жасады.Жаңартылған энергия көздеріне күн мен желдің, өзен суларының энергиясы, геотермальдық энергия, сондай-ақ табиғи үдерістердің есебінен үздіксіз жаңартылатын басқа да энергия түрлері жатады. Электр энергиясын пайдаланбай қазіргі өмірді көз алдымызға елестету мүмкін емес. Техниканың тез дамуы жағдайларында оған деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Сонымен бipre техникалық, прогрестің қоршаған ортаның ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты экологиялық, таза энергия көздері туралы мәселе аса маңызды бола түсуде. Энергетиканы дамытудың жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және дамытуға бағытталған.Қазақстан Республикасының аумағына назар салсақ, энергетикалық әлеуеті жоғары екені байқалады. Қазақстан үшін оның ең қолайлы түрлері ? су энергетикасы, жел және күн энергиялары. Жел энергиясы бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде жел электр стансыларын салуға қолайлы деп сегіз аймақ таңдалып алынды. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып отыр. Жергілікті атқарушы органдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ескере отырып, өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейтін болады. Экономикалық және әлеуметтік жоспарларды әзірлеу кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ескерілуі тиіс. Сондай-ақ қуаты 25 мегаватқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандарды салу жобаларын кeлicy көзделеді. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.Заң жобасының талқылауында депутаттар Валерий Котович, Кенжеғали Сағадиев, Айткүл Самақова, Виктор Киянский заң жобасына қатысты сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді.Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ерболат Әбсалямов қосымша баяндама жасап, онда заң жобасына қатысты жұмыс тобының жеті отырысы өткізілгенін, 80-нен астам ұсыныс пен пікір түскенін, солардың 34 ұсынысы қабылданғанын мәлімдеді.