Зейнетақы активтерін БЗЖҚ-на тапсыру 2014 жылдың 1 тоқсанында аяқталады - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - 2014 жылдың бірінші тоқсанында Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына зейнетақы активтерін тапсыру аяқталады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.
None
None

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

"Активтерді тапсыру 2014 жылдың 1 тоқсанында аяқталады, осы уақыттан бастап зейнетақы активтерінің барлық көлемдерін инвестициялық басқару жүзеге асырылады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ол 1 қазанға жағдай бойынша зейнетақы жинақтары барлық жүйеде 3,6 трлн теңгені немесе 11% астам ЖІӨ құрайды.

Белгілі болғандай, зейнетақы активтерін тапсыру процесі 2 кезеңге бөлінген: бірінші кезең - ол инвестициялық портфель салымшыларының жеке зейнетақы шоттарын БЗЖҚ-на тапсыру, екінші кезең - тарихи құжаттама мен ақпаратты тапсыру.

Соңғы жаңалықтар