Зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы маңызды - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы маңызды. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді. Еске салайық, палата отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
None
None

«Соңғы уақытта еліміздің зейнетақы жүйесіне қатысты мәселе де көп әңгіме болып жүр. Соның ішінде зейнетақы қорының ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты түрлі пікірлер баршылық. Үкімет, ең бастысы, зейнетақы ресурстарының сақталуы мен ондағы қаражаттың Қазақстан азаматтары үшін сәйкес деңгейде көбейіп отыруын жақтайды», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр жақында ТМД Үкімет басшылар кеңесінің отырысына қатысқанын атап өтті. Онда Ұйымға қатысушы мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар министрлері деңгейінде жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткен. Аталған жұмыс тобы мемлекеттер алдында тұрған қатерлерге қарсы бірлесіп шаралар қабылдау мәселелерімен шұғылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар