Зейнеткер мәйітханада ес жинады - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының зейнеткері жүрек талмасынан кейін мәйітханада ес жинады. Бұл туралы оның қызы Ирина Гречко мәлім етті.
None
None

«Әкем есін жинаған кезде, мәйіттердің арасында жатқанын түсінген. Сол жерде оны санитарлар тауып, бас кезінде одан шошып кеткен», - деді ол.

Қызының айтуынша, өкпесі қабынған әкесі облыстық туберкулез диспанчерінде емделіп жатқан. Сол жерде жүрек талмасына ұшыраған 68 жастағы зейнеткердің денесі патологоанатомға жіберіледі.

И.Гречко болған оқиға туралы төрт тәуліктен ғана кейін білгенін айтты. Оған дәрігерлердің шу көтергісі келмей, мұны жасыру үшін барынша әрекет жасағандығын қосып өтті.

Олар «қарт адамның көзіне не көрінбейді» деген уәждарын айтқан. Зейнеткердің қызы прокуратураға шағымданбақ, деп жазады Лента.ру.

Соңғы жаңалықтар