Зейнеткерден сегіз миллион рубльді тартып алды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Норильскіде зейнеткерден 8 млн. рубль ұрлап алды. Екі қаскүнем газ баллонымен қорқытып, 65 жасар еркектің 8,2 млн. рублі бар сөмкесін тартып алған. Зардап шегуші үлкен көлемде ақша алып, оған «Норильдік никель» акциясын сатып алмақшы болған.

Зейнеткерден сегіз миллион рубльді тартып алды

Қылмыскерлерді қолға түсірудің сәті түсті. Олар бұрын сотталған 31 және 48 жастағы жұмыс істемейтін адамдар болып шықты. Оның біреуінен полиция қызметкерлері ұрланған ақшаның жартысын тапты.