Зейнеткерді өз үйінде өлтіріп кеткен күдікті ұсталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Дариян ауылында 20 қыркүйек күні 66 жастағы әйел өз үйінде көз жұмды.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оны күш қолдану арқылы өлтірген осы ауылдың 33 жасар П. есімді тұрғыны болып шықты.
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.