Зейнеткердің жалпы сомасы 2,5 млн. теңгені құрайтын мүлкін тартып алған ақтаулық қолға түсті
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Зейнеткердің жалпы сомасы 2,5 млн. теңгені құрайтын мүлкін тартып алған ақтаулық қолға түсті. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
«Ақтаудың полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың ақпан айында осы қаланың тұрғынының пәтеріне қарақшылық шабуыл жасаған болатын», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, күдікті бір топ адамдармен алдын ала келісіп, 63 жастағы зейнеткер әйелді қорқытып, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын мүлкін иемденген.
«Ұсталған қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Қ.Жұманов.