Ж. Ахметовтің өліміне қатысты арнайы тергеу тобы құрылды
ПЕТРОПАВЛ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі СҚО бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Ахметовтің өліміне қатысты ресми ақпарат таратты.
«24 желтоқсан күні шамамен 20:00 кезінде Петропавлда Юбилейная көшесінің бойында өз үйінің кіреберісіндегі баспалдақта белгісіз біреудің қолынан мерт болған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысы бірінші орынбасарының мәйіті табылды.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты ашу үшін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің басшылығымен арнайы жедел тергеу тобы құрылды.
Тергеу ҚР ІІМ бақылауында.
Тергеу мүддесіне орай қосымша ақпарат жарияланбайды", делінген хабарламада.