Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында Орталық Азия орнықтылық көрсетіп отыр - сарапшының пікірі

БІШКЕК.  Қыркүйектің   25-і.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкектегі VI  Халықаралық   банктер конференциясының   пленарлық   отырыстарының бірінде   сарапшылар  Орталық  Азия елдері мен     өзге  экономикалық  аймақ мемлекеттерінің   салыстырмалы   макроэкономикалық  талдауын     жасады.

Жаһандық   экономикалық   дағдарыс жағдайында  Орталық  Азия    орнықтылық  көрсетіп  отыр    - сарапшының  пікірі

Баяндамаларда  айтылып  өткендей,    жаһандық    дағдарыс  кезеңінде өңірдің    дамушы нарықтары      жалпы ішкі   өнімнің    оң  экономикалық өсімін  сақтап  қалған.  Есесіне,  Еуроодақ    және  АҚШ елдерінің  көрсеткіштері теріс,   олар  сәйкесінше,   5 және   0,05   пайыз  көрсеткен.

 Халықаралық  валюталық   қордың Қырғыз  Республикасындағы    тұрақты өкілі Джеймс Мак Хьюдің   атап  көрсетуінше, рецессиядан  сауығуға  бет алып отырған    қазіргі     дүниежүзілік  экономикадағы     жалпы  үрдіс     Тәуелсіз  мемлекеттер  достастығының барлық  елінің  экономикалық жағдайында көрініс тауып отыр.    Келер  жылы   жалпы ішкі  өнім  орта есеппен 2 пайыз деңгейінде өседі деп болжалуда.    Халықаралық  валюталық қор өкілінің    пікірінше,  елдердің  үкіметтері    экономикалық   қатынастарды    ынталандыру,  сондай-ақ   қаржылық    үйлестіру  жүйесін күшейту  жөніндегі      ақша-несиелік  және салықтық шараларды    үйлестірулері  қажет.