Жаһандық валюта пайда болуы мүмкін ? Нобель сыйлығының лауреаты

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл мен Эдмунд Фелпсті қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қабылдаудан кейінгі брифингте Р. Манделл ҚР Президентімен болған кездесуде әлемдік дағдарыс кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланғанын айтты. Сонымен қатар, кездесу кезінде Қазақстан экономикасына инвестиция салу шаралары қаралғанын жеткізді. Оның айтуынша, Елбасымен арада болған әңгіме кезінде басқа валюталарға қарағанда АҚШ доллары бағамының өзгеруі сөз болды. «Түбінде жаһандық валюта пайда болуы мүмкін» екеніне тоқталған Р. Манделл, алайда алдағы 5 жылда бұл валюта түрінің енгізілуіне күмәнді екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар