Жабық жайдағы ІІІ Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді -Ханой
А. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Жабық жайдағы ІІІ Азия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді,
деп хабарлады Астана әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Қазанның 30-ы мен қарашаның 8-і аралығында Вьетнамның елордасы - Ханой қаласында өткен ойындарға әлемнің 43 елінің құрамалары қатысты. Спортшылар спорттың 27 түрі бойынша күш сынасты.
Спорттың 11 түрі бойынша жарыстарға қатысқан Қазақстан құрамасының спортшылары қанжығаларына 21 алтын, 16 күміс, 21 қола медаль байлады.
Командалық есеп бойынша бірінші орынды Қытай құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Вьетнам құрамасы иеленді.