Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Евролиганың А дивизионында ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM – Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша 2026 жылғы Евролиганың А дивизионына жолдама алды.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Евролиганың А дивизионында ойнайды
Фото: olympic.kz

А дивизионының матчтары 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдовада өтеді. 

Бұл нәтижеге команда Италияның Виареджо қаласында өткен Euro Beach Soccer League (EBSL) 2025 промо-финалында сәтті өнер көрсетуінің арқасында қол жеткізді. Сол турнирде Қазақстан құрамасы 4-орын алды. 

Турнир барысында біздің команда бір ойында жеңіске жетіп, бір матчта жеңіліп, бір кездесуде тең түсті. Жартылай финалда негізгі уақытта тең аяқталып, пенальтиде жеңілді. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Әзербайжанға 1:7 есебімен жол берді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына шыққан барлық құрама белгілі болғанын жазған едік.