Жағажай футболы: «Арман» командасы Қазақстан суперкубогының жеңімпазы

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Павлодар облысының «Арман» клубы жағажай футболынан Қазақстанның суперкубогын жеңіп алды,

Жағажай футболы: «Арман» командасы Қазақстан суперкубогының жеңімпазы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының Қапшағай қаласында суперкубокты «Арман» Қазақстан кубогы иесі Қапшағайдың «Барыс» командасымен өзара сарапқа салды. Матчтар бір команданың үш рет жеңіске жеткеніне дейінгі сериядан тұратын плей-офф жүйесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен жағажай футболынан ел чемпионы - «Арман» суперкубокты да қанжығасына байлады.