Жағажай футболынан Қазақстан суперкубогының ойындары өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 24-інде жағажай футболы шеберлерінің маусымы басталады.
Алматы облысының Қапшағай қаласында Қазақстан суперкубогының ойындары өтеді. Оны жағажай футболынан ел чемпионы - Павлодар облысының «Арман» командасы мен Қазақстан кубогының жеңімпазы Қапшағайдың «Барыс» командасы өзара сарапқа салады. Матчтар бір команданың үш рет жеңіске жеткеніне дейінгі сериядан тұратын плей-офф жүйесі бойынша өтеді. Алғашқы екі матчтар сәуірдің 24-інде, ал үшінші матч сәуірдің 25-інде өтеді. Қажет болған жағдайда төртінші және бесінші матчтар да сәуірдің 25-інде ойналады.