Жағажай волейболынан алматылық қыздар ел Кубогын иеленді

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің  1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан Ақтау қаласында өткен  Қазақстан кубогы ойындары өз жалауын түсірді,

Жағажай волейболынан алматылық қыздар  ел Кубогын иеленді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ерлер арасында 12, әйелдер арасында 8 команда қатысқан болатын. Тартысты өткен сайыста  әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жұбынан тұратын  Алматы қаласының "Алматиночка-1 СШВСМ" командасы  Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. 2-3 орынды жарыс қожайындарының  "Каспий-1", "Каспий -2" командалары  бөлісті.   Ал ерлер  арасында өткен додада алматылық "Искра-Телеком-2" командасының волейболшылары Денис Ровкин мен Сергей Шиндов екінші орынды қанағат тұтты.  Онда Александр Бабичев пен  Алексей Кулешовтың жұбынан тұратын  Ақтау қаласының "Каспий-1" командасы Қазақстан кубогының иегері атанса, Ақтөбе қаласының "Каспий-2" командасы үздік үштікті түйіндеді.