10:17, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Жағажай волейболынан ел чемпионатының бірінші кезеңінде ақтаулық әйелдер мен ерлер жеңіске жетті
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Ақтауда жағажай волейболынан ХVI Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.

Онда әйелдер арасында Ақтау, Алматы қалаларынан - 8, ерлер арасында - Ақтау, Алматы және Қызылорда қалаларынан 16 команда қатысты. Үш күнге созылған бұл бәсекеде жарыс қожайындарының мерейі үстем шықты. Әйелдер арасында ақтаулықтардың «Каспий-1», «Ақтау-1», «Каспий-3» командалары 1-3 орынды өзара бөлісті. Ерлер арасында ақтаулық «Каспий-1» - бірінші, алматылық «Республикалық гвардия» мен «Ұшқын-Искра 1» 2-3 орынға ие болды