18:33, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Жағажай волейболынан XIII Қазақстан чемпионатының екінші турында алматылықтар үздік шықты
АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда жағажай волейболынан XIII Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындарында алматылықтар үздік шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КСРО ҰҚК-нің генерал-майоры Николай Разживинді еске түсіруге арналған бұл тур ҚР ҰҚК Әскери институтының спорт алаңында өтті. Оған Алматы, Ақтау қалалары мен Алматы облысынан ерлерден 19, әйелдерден 13 команда қатысты. Аса тартысты өткен сайыста ерлер арасынан 1-2 орынды жарысты ұйымдастырушылардың "Искра-1", "Искра-2" командалары алды. Ал 3-4 орынды ақтаулық "Каспий-1" мен алматылық "Банда" өзара бөлісті. Әйелдер арасында алматылықтардан "Алматиночка-1" бірінші, "Алматиночка-3" үшінші, "Алматиночка-2" төртінші орын алса, қонақтардан ақтаулық "Каспий-1" екінші орынға ие болды.