Жаһандық рыноктағы жағымсыз серпін ресей акциясының өсімін тоқтатты - «Капитал Арбаты» сарапшысы

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Жаһандық рыноктағы жағымсыз серпін дүйсенбіде ресей акциясының өсімін ұстап қалды. Ал, мұнай бағамының тұрақтылығы отандық инвесторларды қолдады. Бұл жөнінде таңертеңгілік сұхбатында «Капитал Арбаты» талдау департаменті бастығының орынбасары Алексей Павлов айтты.

Жаһандық рыноктағы жағымсыз серпін ресей акциясының өсімін тоқтатты - «Капитал Арбаты» сарапшысы

МБВБ индексі күн қорытындысы бойынша 0,3%-ға, 1371 орынға дейін көтерілді, РТС индексі 0,4%, 1427 орынға дейін көтерілді. Дегенмен, қатысушылардың белсенділігі өте төмен болды, бұл Лондондағы демалыс күнімен түсіндірілуде. Осымен екінші күн «Ростелеком» көшбасшылық тізгінді ұстап отыр. Кеше батыс инвесторлары бағаны көтерудің қисынын келтіре алмады, сондықтан да олар пайданы белгілеуді шешті. Еуропалық негізгі қор индекстері сауданы 0,6-0,7%, ал S&P 1,5% төмендеумен аяқтады.

Сейсенбіде, Азия лаңдарында сату белсенділігі артып келеді, солай бола тұра NIKKEY құлдырудың алдыңғы сапына шықты.