Жаһандық жылыну және Қазақстан үшін жаңа экономикалық нақтылық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі әлемде экономикасы дәстүрлі аграрлық салаға бейімділіп, артта қалып қойған мемлекеттен бастап, ғылым мен техниканың барлық соңғы жетістіктерін жетік игерген қуатты индустриалды державаларға дейінгі даму деңгейі ала-құла мемлекеттер бар екендігі белгілі. Ал Қазақстан болса, дамушы елдердің қатарына жатады әрі «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын жүзеге асыру арқылы барынша дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтып отыр.
Қазақстанның дамуына бағытталған барлық жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары әлемдік экономикадағы ортақ ахуалмен байланысын үзбестен орын алып жатқаны сөзсіз. Айта кетерлігі, 2000 жылдардың басынан бергі қарқынды экономикалық өсім әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуімен және біздің елімізде қара алтынды өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілген еді.
Қазіргі уақытта мұнай бағасы айтарлықтай төмендеп, соңғы жылдың ішінде шамамен 4 есеге құлдырап кетті. Әрине, мұның барлығы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімнің бұзылуынан орын алып отырғандығы белгілі. Бұған қоса, қара алтын нарығы барынша сезімтал келеді. Сондықтан да таяу жылдардың ішіндегі ахуал түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін деген болжамға сүйенуге тура келеді.
Дегенмен, әлемдік экономикадағы үрдіс мынадай: мұнай, газ, сонымен қатар көмір алдағы ұзақмерзімді болашақта экспорттаушылардың негізгі өнімі ретінде тапшылықсыз өмір сүрудің кепілі болып қарастырыла алмайды.
Бүкіл әлемнің ғалымдары көптеген жылдардан бері тізе қосып, шешімін табу үшін тынбай еңбектеніп келе жатқан жаһандық проблемалардың бірі ғаламдық жылымық кезеңін туындап болып отырғаны анық. 20-шы ғасырдың басынан бері ауаның орташа температурасы 0,74 °C-қа жылынса, соның үштен бірі 1980 жылдан кейінгі кезеңнің үлесіне тиеді. Температура өзгеріске ұшырауының негізгі бөлігін адамзат баласының іс-әрекет салдарынан туындаған парникті газ концентратының шамадан тыс артуы құрап отырғандығын әлем жұртшылығы мойындап та отыр. Ал 21 ғасыр ішіндегі температураның өсу мүмкіндігі эмиссияның ең төменгі мөлшерінде 1,1-2,9 градус, ал ең жоғары эмиссия кезінде 2,4-6,4 градус аралығында болуы мүмкін. Жаһан жылынуының нәтижесінде барынша ең жоғарғы температура белгіленеді, Жер шарының барлық өңірлерінде ыстық күндер саны артып аязды күндер саны қысқарады. Бұған қоса, құрлықтық аудандардың басым бөлігінде жылу толқыны жиі орын алып, температураның таралуы қысқарады.
Халықаралық энергетикалық агенттің соңғы баяндамасында энергия тасымалдаушыларға сұраныстың төмендеуі қыстың жылы болып басталуымен байланысты екендігі айтылған. Жылынудың нәтижесінде 2016 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 95,8 млн. баррельден 95,7 млн. баррелге дейін төмендеді. Бұл үрдіс Жердегі климаттының жылына түсуіне байланысты күшейе түсіп, энергия тасымалдаушы елдердің экономикалық дамуына кері әсерін тигізетіндігі анық.
Бірақ, жаһандық жылынуға қармастан-ақ мұнай, газ және көмірге деген сұраныстың күрт төмендеуі де орын алуы мүмкін. Өйткені, өнеркәсібі дамыған және аталған тауарлардың негізгі тұтынушысы саналатын елдердің басым бөлігі ұйымшылдықпен парникті газдар шығарындыларын төмендету үшін көп күш-жігер жұмсауда.
Әлемнің 190-нан астам елі Киото хаттамасын ратификациялаған. Аталған халықаралық келісім 1997 жылы Киотода БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы рамалық конвенциясына қосымша ретінде қабыланған еді. Құжат дамыған елдермен мен көшпелі экономикадағы елдерге парникті газдар шығарындыларын қысқартуды немесе тұрақтандыруды міндеттейді. Айта кетерлігі, бұл елдерге әлемдегі жалпы шығарындылардың 63,7 пайызы тиесілі және осыған сәйкес бұл мемлекеттер көмірсутегі шикізатының негізгі тұтынушылары болып отыр.
Жиынтық құны 3 трлн. долларды құрайтын активтерді басқаратын инвесторлар тобы әлемнің ірі мұнай, газ және көмір корпорацияларына хат жолдап, онда мемлекеттердің климаттық өзгеруі қаупімен күресіне байланысты отынның қазба түрлеріне сұраныстарын төмендетуі мүмкін екендіктерін ескертті. Компанияларға 2050 жылға қарай парникті газдарға эмиссия көлемін 80 пайызға дейін қысқарту туралы Үкіметтердің жоспарынан туындайтын тәуекелдерге бағалау жүргізу ұсынылуда. Болжамға сәйкес, мұндай қысқарту жаһандық ауқымда температураның артуын 2 градустан өсірмеуі тиіс.
Инвесторлар отынның жерден алынатын түрлеріне сұраныс күрт төмендейтін болса, бағаның да құлдырайтындығын ескертуде. Олар 2012 жылы 200 ірі компанияның жаңа кен орындарын игеруді қаржыландыруға бөлген 674 млрд. доллар көлеміндегі қаржыларын қайта қарастыруға шақыруда.
Бұл ретте АҚШ-тағы ірі зейнетақы қорларының бірі Calpers қорының бас директоры Энн Стаусболл инвесторлардың ұстанымын: «Біз климаттық апатқа инвестиция сала алмаймыз», - деп әдемі түйіндеп берген еді.
Сарапшылардың бағалауынша, мұнай-газ компаниялары парникті газдар шығарындыларына шектеу енгізілетін әлемде нарықтық капиталдың 40-тан 60 пайызына дейін жоғалтуы мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік таратқан мәлімдемеге сәйкес, егер әлем температура өсімін 2 градуста шектеу туралы мақсатты ұстанатын болса, онда 2050 жылға қарай отынның қазып алынатын түрінің нақтыланған қорының небәрі үштен бірі ғана кәдеге жаратылатын болады.
Тағы бір сарапшы, Scottish Widows Investment Partnership компаниясы тұрақты даму бөлімінің жетекшісі Крейг Маккензи инвесторлар арасында отынның жерден қазып алынатын түріне сұраныстың төмендеуі ұзақмерзімді келешектегі іс деп саналатындығына қарамастан бұл процестің одан жылдамырақ орын алатындығына сенімді.
Оның мұндай сенімін көмірсутек отынын пайдаланбайтын автомобильдің, ұшақтың және көліктің басқа да жаңа түрлерінің жылдам жасалып, нарыққа шығарыла бастауы да қуаттай түседі.
Ал жалпы ұлттық өніміндегі мұнай-газ секторының үлесі 25 пайызды құрайтын біздің еліміз үшін мұның барлығы да нені білдіреді? Бұл сауалды Елбасы Н.Назарбаевтың «индустриалды-инновациялық дамуға балама жоқ» деген сөзімен-ақ түйіндеуге болады. Ал Қазақстанда қабыланған барлық жоспарлар мен бағдарламалар дәл осы дамуға бағытталып отыр.