Жаһандық жылынуға ұшақтардың қосар үлесі бағаланды

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Экологтар арктикалық аймақтағы температура өсуінің 20 пайызына ұшақтардың қатысы бар екенін анықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ғаламшар бойынша олардың үлесінің жалпы жиыны 4-8 пайыз деп бағаланады. Зерттеушілер өз қорытындыларын Американдық геофизика съезінде баяндады, ал олардың еңбектері қазіргі уақытта жариялауға даярлануда.

Зерттеу аясында экологтар ұшақтың улы газ шығару үлгісін жасады. Олар «күйелі көміртегі» деп аталатын шығарындының - жанудан шығатын күл және басқа да қалдықтардың мөлшерін назарға алды. Сонымен қатар, әуе кемелерінің арқасында атмосфераның жоғары қабатына енетін су буының (негізгі парникті газ деп саналады) мөлшері де есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар