Жақиянов 10 ақпанда WBA және IBO белбеулері үшін айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылдың 10 ақпан күні Американың Толедо қаласында жеңіл салмақта (53,5 келі) WBA бойынша уақытша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) өз салмағында WBA (Super) және IBO - бірден екі әлемдік белбеу үшін кездесу өткізеді, деп жазды ВКонтакте желісіндегі «Профи бокс Казахстана» тобы.

Жақиянов 10 ақпанда WBA және IBO белбеулері үшін айқасады

Титулдық айқаста қазақстандықтың қарсыласы 29 жастағы америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4КО) болмақ, ол өзінің соңғы кездесуінде жеңіл салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы доминикандық Хуан Карлос Пайанодан WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған еді.