20:23, 19 Қазан 2017 | GMT +5
Жақиянов пен Барнетт көз арбасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен солтүстік ирландық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) айқасқа екі күн қалғанда көз арбасу рәсінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жеңіл салмақтағы чемпиондар (Жақиянов - WBA Super, Барнетт - IBF) 21 қазан күні Белфастағы (Солтүстік Ирландия) SSE Arena-да рингке шығады.
1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынадай коэффициенттер ұсынуда: Барнеттің жеңісіне - 1.42, Жақияновтың жеңісіне - 3.26, тең нәтиже - 26.