Жақсы ауданында «Жол картасы» бағдарламасы аясында 300 миллион теңге қаржы игерілетін болады

ШЕТАУ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданында Елбасының Жолдауы аясында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатына 300 миллион теңге көлемінде қаржы игеру белгіленген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Ибрагим Қабдуғалиевтің айтуынша, Атбасардағы кәсіптік техникалық лицейге арнайы жолдамамен жіберілген 18 адам өңірге қажетті мамандықты меңгеруде, бұған қоса, тағы 28 маман әзірлеу жоспарланып отыр. Сонымен бірге жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтіру ісіне он миллион теңге, аудан орталығындағы 2-ші мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жүргізуге 170 миллион теңге, аудандық аурухананың қалпына келтіру шараларына 69 миллион теңге бөлініп, қаржыны толықтай игеру қамтамасыз етіліп келеді. Нәтижесінде инвестициялық жобаға сәйкес 381 жаңа жұмыс орны ашылып, еңбекпен қамту орындарының жолдамасымен 199 жұмыссыз іске тартылды. Оның сыртында 114 адам әлеуметтік жұмыс орнымен, 21 адам жастар тәжірибесімен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар