Жақын тәуліктерде күннің жылынуы күтілуде - Қазгидромет
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Жақын күндері Қазақстанда күн жылы болады деп күтілуде.
Бұл туралы бүгін Астана өткен баспасөз мәслихатында Қазгидрометорталықтың директоры Баян Сазанова мәлімдеді.
«Жақын күндерде ел аумағының солтүстік өңірлерінен өтетін циклонның әсерінен күн жылынып, ауа температурасы -2, +2 градусты көрсетеді деп болжануда», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жылынудың анық байқалатын кезеңі 23-24 қаңтарға дөп келмек.
«Осыдан кейін айдың соңына қарай солтүстікте ауа райы тағы да салқындап, 30 градусқа дейін төмендейді», - деді Қазгидрометорталықтың директоры.