Жалағашта шаруа қожалықтары ірілендірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жалағаш ауданындағы 22 шаруа қожалығы 4 ірі құрылымға біріктірілді,

Жалағашта шаруа қожалықтары ірілендірілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл шаруа қожалықтары Аққұм, Мәдениет және өзге ауылдарда бұрыннан егін еккенімен, көңілдегідей өнімге қол жеткізе алмай жүрген еді. Енді олар іріленіп, қазіргі күннің талабымен жұмыс істеуді жөн көріп отыр. Қазір шаруа қожалықтары ?Қазагросервис?, ?Алтын дән ПВА?, ?Алуан ас? жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, "Жамбыл" шаруашылық құрылымына біріктірілді. Нәтижесінде 1921 гектар алқапқа бірлесіп егіс егетін болды.