09:06, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жалағашта жаңа сауда орталығы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жалағаш кентінде Жаңа жылдың алғашқы күндерінде заман талабына сай жабдықталған ?Әділет? атты сауда орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл орталықтан күнделікті тіршілікке қажетті барлық тұтыным заттарын табуға болады. Оның бір бөлігі азық-түлік өнімдерін сатуға арналса, тағы бір бөлігі шаруашылық заттарын ұсынады. Алдағы уақыттарда мұнда жергілікті өнімдердің сатылуына жол ашылмақшы.