Жалалабадта, Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да жаппай тәртіпсіздіктер орын алды

БІШКЕК. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Жалалабадта қырғыз және өзбек ұлты өкілдерінің жаппай қақтығысуы орын алды. Соңғы мәліметтер бойнша, тәртіпсіздіктер кезінде 62 адам зардап шеккен, оның 2-уі қазаға ұшыраған.

Жалалабадта, Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да жаппай тәртіпсіздіктер орын алды

Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйене отырып, арандатушы элементтердің бүгінгі әрекеттерін Бішкектегі, Оштағы және Жалалабадтағы осы жылғы мамырдың 12-сі,13-і және 14-і күндеріндегі «бакиевтік» күштердің бас көтерулерімен тығыз байланыста қарастырады.

Уақытша үкіметтің мәлімдемесінде былай делінген: «...Таласта, Бішкекте және Жалалабадта бірнеше рет Қырғызстанның кінәсіз азаматтарының қанын төккенмен, орнынан түскен президент Бакиевтің жақтастары Қырғызстан халқын қорқыта алмады. Енді олар билікті қайтарып алу үшін ең қауіпті шекке жетті. Бұл арсыз адамдар өздерінің қанды ойынын ұлтаралық негізге көшіріп, ұлысаралық қақтығысты өршітуде.

Бүгінгі Жалалабадтағы оқиғалардың алдында бұрынғы режімнің құйыршықтары тарапынан ұлтаралық алауыздықты тұтандыруға бағытталған бірқатар арандатушылықтар әрекеттер болд. Оларға дем берушілердң арасында басқа елдерге кетіп өзін қауіпсіз сезінгендер де бар. Әуелі Маевкада, енді Жалалабадта біздің отандастарымыз мерт болды. Алайда біз көпұлтты Қырғызстанның дана халқы бұл оқиғаның басқа аудандарға, қалалаларға және облыстарға таралуына жол бермейді деп сенеміз».

Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі, Жалалабад қаласының және бүкіл Қырғызстан тұрғындарын арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Елдің жаңа билігінің мәлімдемелеріне қарағанда, жанжалды реттеуге және тоқтатуға күш пен құралдар жеткілікті. Жалалабадқа үкімет мүшелері, күш-қуат құрылымдарының басшылары аттандырылды. Коменданттық сағатты және басқа да шектеулерді енгізудің қажеттігі мәселелері зерделенуде.

Қазіргі кезде қаладағы жағдай аздап тыныштанды. Құқық қорғау органдары қарсыласқан тараптарды айырды.