Жалдамалы жұмысшылар саны 7,5 пайызға артты
АҚТАУ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыстың орта және ірі кәсіпорындарында биылғы ақпан айында 120,8 мың адам жұмыс істеді.
Бұл 2008 жылдың сәйкес айына қарағанда 7,5 пайыз жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының 0,6 пайызы - ауыл шаруашылығында, 50,2 пайызы - өнеркәсіп пен құрылыста, 49,2 пайызы - қызмет көрсету саласында жұмыс істеген. 2009 жылдың ақпанында қызмет еткен жұмысшылар санының басым бөлігі - құрылыста 12,3 пайыз, қаржы саласында 21,7 пайыз, денсаулық сақтауда 11,9 пайыз байқалды.
Ақпан айының соңында облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 1209 бос орын болды. Олардың басым көпшілігі ? 561 орын мемлекеттік басқармаларда, өнеркәсіп кәсіпорындарында ? 252 орын сақталып отыр.