Жалға берілетін тұрғын үйді салуға келер жылы 92,5 млрд. теңге бөлінеді - Қаржы министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалға берілетін тұрғын үйді салуға келер жылы 92,5 млрд. теңге бөлінеді. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді. Еске салайық, палата отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
None

Министрдің сөзіне қарағанда, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағытына жалпы алғанда 2015-2017 жылдары 395 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде 2015 жылы - 142 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 17,5 млрд. теңге қаралады. Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және сатып алуға - 27 млрд. теңге, кезектегілер мен жас отбасылары үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салуға - 33,4 млрд. теңге, сондай-ақ, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға - 81,3 млрд теңге қарастырылады.

«Бұл жерде айта кететін жәйт, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді салуға 2015-2016 жылдары 145,0 млрд. теңге қаражат облигациялық қарыз түрінде бөлінеді, оның ішінде 2015 жылы - 92,5 млрд. теңге қаралып отыр», - дейді Б. Сұлтанов.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға 2015-2017 жылдары 217 млрд. теңге жұмсалмақ. Соның ішінде 2015 жылы 80,2 млрд. теңге, сонымен қатар Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 2015 жылы - 60 млрд. теңге және 2016 жылы - 100 млрд. теңге жылу-, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды несиелеуге көзделеді.

Соңғы жаңалықтар