Жалған ақпарат таратқан «Время» газеті Ұлттық банктің оны теріске шығару жөніндегі талабын әлі орындаған жоқ

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Жалған ақпарат таратқан «Время» газеті Ұлттық банктің оны теріске шығару туралы жариялау талабын орындамай отыр,

Жалған ақпарат таратқан «Время» газеті Ұлттық банктің оны теріске шығару жөніндегі талабын әлі орындаған жоқ
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сәуірдің 6-сында ҚР Ұлттық банкі «Время» газетіне сәуірдің 1-інде газеттің №46 (819) санында жарияланған «Чьё чутьё?» атты мақаласының жалғандығын әшкерелеуді жариялауды талап еткен. Өйткені мақаладағы ақпарат дәлелсіз айтылған бос сөз ғана емес, ашықтан-ашық жала жабу болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ негізгі валюта сатып алушы болған жоқ. «Алматы Инвестмент Менеджмент» АҚ (АИМ) және «Қазына» ашық инвестициялық пай қоры KASE-де валюта сатып алуы мүмкін емес. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Алматы Инвестмент Менеджмент» акционері немесе «Қазына» ашық инвестициялық пай қоры пайшысы болып табылған емес. Осындай мәлімет шын мәнінде KASE сайтында болуы мүмкін емес еді. «Зерде» АҚ тіркеушісіне жасалған сілтеме шындыққа сай келмейді, бір заңды мекенжайда орналасқан деген мәлімет те жалған.Мақалада айтылған барлық бес заңды тұлға қазіргі уақытта деректердің жалғандығын әшкерелеуде. Онда жарияланған мәліметтерді Ұлттық банк шындыққа сәйкес келмейді және толық ойдан шығарылған деп санайды. Сондай-ақ мақала мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының және сол сияқты тұтастай алғанда Ұлттық банктің абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді. Басылым азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройын, қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін даттайтын мәліметтер таратса, сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін түрде теріске шығаруды жариялау көзделетін елімізде қолданылып жүрген заңнама нормаларына сәйкес жедел теріске шығаруды жариялау талабын осы уақытқа дейін орындаған жоқ. Бұл ретте Ұлттық банктің өз абыройы мен қадір-қасиетін қорғау үшін сот тәртібімен жүгінуге құқығы бар.