Жалған ақша жасап, оны ауыстырғандар ұсталды
олар кеткеннен соң тексергенде атылмыш купюралардың жалған ақша екендігі белгілі болғандығын айтады. Біраз уақыттан кейін жас жігіттердің осындай жолмен, яғни болмашы тауар немесе азық-түлік сатып алып 10 мың теңгелік ақшамен есеп жасасқан «саудасынан» сан соғып қалған базардағы саудагерлер мен жеке кәсіпкерлерден тағы бірнеше шағым түскен, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметін.
Уақытты оздырмай полиция қызметкерлері ақтарынан тік тұрғызылып, ұқсас белгілері бойынша күдіктілердің автокөлігін ұстауға «Перехват» жоспары енгізіледі. Зайсан қаласынан шығар жолдардың барлығы бақылауға алынады.
Осындай суыт іс-шара нәтижесінде көп уақыт өтпей Зайсаннан Алматы, Өскемен бағытына шығар жолда жол полициясы қызметкерлері ішінде 5 адам отырған «БМВ» автокөлігін тоқтатады. Полиция қызметкерлерінің: қай жаққа бара жатырсындар? деген, сұрағына, Күршім ауылында тұратын достарының үйлену тойынан Өскеменге жол тартып барамыз дегенді айтады. Алайда, олар досының не аты-жөнін, не мекен жайын бірден естеріне түсіре алмады. Осы жерге жедел жеткізілген жәбірленушілер бірер сағат бұрын базарда сауда жасап сан соқтырып кеткен алаяқтар осылар екенін растайды.
Тексеру кезінде олардың барлығы Жамбыл облысының тұрғындары екендігі анықталды. ІІБ-нің қызметкерлері автокөлікті қарау кезінде 200 мың теңге мөлшерінде 10 мың теңгелік купюралы жалған ақша және 958 мың теңге шынайы ақша және 150 АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ұсталған бес адамның үшеуі бұрын сотталған болып шықты. Оның ішінде біреуі осы жылдың маусым айында жалған құжаттарды, штамптарды, мөрлерді, мемлекеттік наградтарды жасағаны және таратқаны үшін қылмыстық кодекстың 325 бабы бойынша шартты түрде сотталғандығы анықталды.
Сараптау нәтижесі Жамбыл облысының тұрғындарының автокөлігінен табылған ақшаның қолдан жасалған екендігін растады.
Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жеңіс Жүрсімбаевтың айтуынша алаяқтар полиция қызметкерлерінің жедел түрде барлық қажетті шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ұсталып отыр. Өйтпегенде, шамалы уақыт ұттырып алса, күдіктілер үлкен жолға шығып кетсе оларды ұстау қиындап, қаншама адам сан соғып қалар еді. Қазіргі уақытта қолға түскен күдіктілердің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен қаладағы 35 сатушы мен кәсіпкерден шағым түсті. Олардан алаяқтар айналдырған 2-3 сағаттың ішінде аустырып үлгерген жарты миллионға жуық жалған ақша алынып отыр.
Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 206-ыншы бабы, яғни қолдан ақша жасау немесе өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.