Жалған ауру жарға жықты
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар стансасы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел тексеріс барысында теміржол жұмыскерінің жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жұмыс орнына тапсырғандығы анықталды.
Ондағы мақсаты - өрескел әкімшілік құқық бұзғандығын жасыру.
Атап айтқанда, 2010 жылғы 09 қазанда азамат Г. шамамен сағат 9-00-де өзінің 21 қыркүйек пен 8 қазан аралығында жұмыста болмағандығын ауырғандығымен дәлелдеу үшін Павлодар теміржол ауруханасы берген еңбекке жарамсыздық парағын әкеліп тапсырып, жұмысына кіріскен. Дегенмен, Павлодар қалалық арнайы әкімшілік сотының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысына сай, азамат Г ҚР ӘҚБтК-нің 467-б. 7-б. бойынша әкімшілік құқық бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасына кесілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.