Жалған бизнес үшін жаза тартты - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 10 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қалалық соты ЖШС директорын салық төлеуден жалтарған, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан және жалған құжаттарды пайдаланған деп айыптап, оған үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және 500 АЕК сомасына айыппұл төлеу жазасын тағайындады,
деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша Қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Бизнес иесі-әйел бес жыл бойына «Крист-Екібастұз» кәсіпорнының атынан қаржылық-шаруашылық операцияларын жүргізіп, жалпы сомасы 11,8 млн. теңгеге мемлекеттік бюджетке салық пен өзге де міндетті төлемдерден жалтарған. Астана қаласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналыса отыра, жалған лицензияны пайдалану арқылы шамамен 60 млн. теңгенін пайдасына кенелген.