Жалған кәсіпкерлер мемлекетке 5,3 млрд. теңгенің залалын келтірді

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті К., И., Н. деген азаматтарға және басқа да белгісіз адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 2-бөлімі – «Ұйымдардың салық төлеуден жалтаруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Олар «Герадас ЛТД» ЖШС, «ПрофиПак-777», «MediaMaxDen», «Lott Group» және «Тритмен» ЖШС деген жалған кәсіпорындарды тіркеп кәсіпкерлікпен айналысқан, мемлекетке салықтан жалтару түрінде 5,3 млрд. теңге соманың залалын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 184-бабының 3-бөлімі ? «Зияткерлік меншік құқығын бұзғаны» бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол заңсыз жолмен орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, құқық иесінің авторлық және аралас құқығын бұзған. Келтірілген залал 11,1 млн. теңгені құрайды.
Соңғы жаңалықтар
telegram