Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жалған кәсіпкерлер мемлекетке үлкен залалын тигізеді - Қарағанды облысы қаржы полициясының бастығы

ҚАРАҒАНДЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Заңсыз жолмен салықтан және басқа да міндетті төлемдерден жалтаратын жалған кәсіпкерлер мемлекетке үлкен залалын тигізеді.

Жалған кәсіпкерлер мемлекетке үлкен залалын тигізеді - Қарағанды облысы қаржы полициясының бастығы

Бұл туралы бүгін 2010 жылдағы ведомство жұмысының қорытындысына арналып өткен баспасөз мәслихаты барысында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Малғаждар Тәткеев мәлім етті.

«2010 жылы облыс аумағы бойынша жалған кәсіпкерлікке қатысты 193 факт анықталды. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15 есеге артық. Бір істі ғана қарағанның өзінде мемлекетке 15,5 млрд. теңге зиян келген. Бұл қылмыстық іс сотқа жіберілді. Жалпы сомасы 3 млн. АҚШ долларын қылмыстық жолмен тауып, ақша қаражатын жекешелендіріп алған ұйымдасқан топтың бір мүшесі 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді ол.

Облыстық қаржы полициясы бастығының айтуынша, жалған кәсіп жасап маманданған қылмыскерлердің қолында тіпті мемлекеттік органдардың жалған мөрлері бар.

Жалпы алғанда 2010 жылы Қарағанды облысының қаржы полициясы 776 қылмысты анықтаса, оның төрттен бірі ауыр және өте ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған. Қылмыстық ітерді тергеуден кейін анықталған залар мөлшері 27,7 млрд. теңгені құраған, оның 11,7 млрд. теңгесі мемлекетке қайтарылды.