Жалған полицей зейнеткердің 100 мың теңгесін алдап алып кеткен

ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 12 және 13 мамыр күндері Орал қаласында төрт бірдей алаяқтық фактісі тіркелді.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жасар әйелдің үй телефонына хабарласқан біреулер оның ұлының атыс қаруын сақтағаны үшін ұсталғанын айтқан. Алаяқтарға әйел ұялы нөмірге 20 мың теңге аударған. 47 жасар әйелге тағы бір алаяқ өзін «Сулпак» сауда үйінің қызметкері деп таныстырып, оның «Тошиба» компьютерін ұтқанын хабарлаған. «Сол үшін» әйел 3 мың теңгесінен айрылып қалған. 82 жасар әжей өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған еуропа пішіндес бойжеткенге 80 мың теңгесін өз қолымен ұстатып жіберген. Ал тағы бір жалған полицей - азиялық пішіндес 18-20 жастағы жігіт 59 жасар зейнеткер әйелдің 100 мың теңгесін алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар