Жалпақталда жаңарған саябақ іске қосылды - БҚО

ОРАЛ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында соңғы үлгімен қайта жаңартылған демалыс саябағы іске қосылды.

Жалпақталда жаңарған саябақ іске қосылды - БҚО

Осыған орай арнайы келген аудан әкімі Рыспай Өтешев ауыл тазалығын сақтауға шақырып, бұл саябақ барлық ауылдық округ тұрғындарының демалыс орталығы болатынын айтты.

Бұрынғы аудан орталығындағы саябақты жаңғырту  бағытында тоқсаныншы жылдары тал-терек отырғызылған еді. Бүгінде теректер өсіп-жетіліп, ауыл сәніне айналды. Енді соған қоса серуендеушілерге арналып тас жолдар төселді, орындықтар қойылып, әдемі түнгі шамдар орнатылды. Ашық алаңқайға сахна, би алаңы, көрермен орындықтары қойылды. Балаларға арналған ойын алаңдары, кафе, мылтық ату орындары ашылды. Бір сөзбен айтқанда, күнделікті күйбең тірліктен шаршап, бір мезгіл демалғысы келген жанға жайлы орын болып шыға келді.