Жамбы атудан Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтау қаласында өткен Жамбы ату және атүсті мергендік бойынша Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар негізгі жүлделердің басым бөлігін иеленіп, өздерінің жоғары шеберлігін дәлелдеді.

Жамбы атудан Азия чемпионаты
Фото: Маңғыстау облысы спорт басқармасы

Жарысқа 10 елден 40-тан астам спортшы қатысты.

Жамбы атудан Азия чемпионаты
Фото: Маңғыстау облысы спорт басқармасы

Жеке нәтижелер:

Азия стилі (жастар санаты):

Ақберен Үсен (Қазақстан) - алтын

Ақәділ Пернебай (Қазақстан) - күміс

Марлен Өсербаев (Қазақстан) - қола

Азия стилі (жасөспірімдер):

Айбек Ораз (Қазақстан) - алтын

Айдар Әділгерей (Қазақстан)- күміс

Нұрман Маханбет (Қазақстан) - қола

Түркі стилі (жасөспірімдер):

Зиян Хуанг (Қытай) - алтын

Ғұмыр Лесбек (Қазақстан) - күміс

Абдуррахман Ахмад Му’аз (Малайзия) - қола

Жамбы атудан Азия чемпионаты
Фото: Маңғыстау облысы спорт басқармасы

Түркі стилі (жастар):

Ақберен Үсен (Қазақстан) - алтын

Әліби Әкімбек (Қазақстан) - күміс

Сеиййид Мухаммед Нур Өзжан (Түркия) - қола

Мажар стилі (жасөспірімдер):

Нұрман Маханбет (Қазақстан) - алтын

Абдуррахман Ахмад Му’аз (Малайзия) - күміс

Айбек Ораз (Қазақстан)- қола

Мажар стилі (жастар):

Ақәділ Пернебай (Қазақстан) - алтын

Фуркан Берат Элиташ (Түркия) - күміс

Марлен Өсербаев (Қазақстан) - қола

Жамбы атудан Азия чемпионаты
Фото: Kazinform

Жамбы ату (жасөспірімдер):

Ғұмыр Лесбек (Қазақстан) - алтын

Зиян Хуанг (Қытай) - күміс

Даим Муфлих Муaфа (Индонезия) - қола

Жамбы ату (жастар):

Марлен Өсербаев (Қазақстан) - алтын

Ақберен Үсен (Қазақстан) - күміс

Фуркан Берат Элиташ (Түркия) - қола

Командалық есеп:

Қазақстан – 1 орын

Түркия – 2 орын

Индонезия – 3 орын

Қорытынды:

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл жетістік ұлттық спорттың халықаралық деңгейде дамуына зор үлес қосып, жас спортшыларға үлкен серпін берді.

Осыған дейін Елена Рыбакинаның микстегі қарсыласы анықталғаны туралы жаздық.

 

 

Соңғы жаңалықтар