Жамбыл мен Түркістанда жол ашылды — ҚазАвтоЖол
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Жамбыл мен Түркістан облысында жол учаскелерінің ашылғанын хабарлады.
Жамбыл облысы
2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 03:00–де республикалық маңызы бар — «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін жол ашылды.
Түркістан облысы
Ал Түркістан облысы бойынша «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) (Шымкент-Тараз бағыты) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық.
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райына байланысты жолда 700-ге жуық автокөлік жиналып қалды. Полицейлер боранда қалған жүргізушілерді құтқаруға жәрдемдесті.