Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бауыржан Шамгунов жеке сот орындаушыларының қызметінде анықталған заңбұзушылықтарды жасырып отыру үшін олардан ақша алған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Бауыржан Шамгунов
фото: Жамбыл облысының әділет департаменті

Бауыржан Шамгунов еңбек жолын Жамбыл облысы Әділет департаментімен бастаған. 2006 жылы ол қалалық Әділет басқармасына жетекші маман болып келген, ал 19 жыл өткен соң департамент бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Қазіргі қызметіне биыл наурызда тағайындалған.

Кеше шенеунікті пара алу күдігімен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстады. Ол сыйақы алу арқылы жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айырмауға уәде берген.

Айта кетейік, әзірге департамент немесе комитет тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сондай-ақ Ақтөбеде пара үшін айыпталған басшы сот отырысында әкімге ақша бергенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар