Жамбыл облысы: Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды

ТАРАЗ. KAZINFORM – Бүгін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желілері бүлінді.

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Анықталғандай қатты желдің салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген.

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Шамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген. 

Зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

— Зерделеу жалғасып жатыр. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі, — делінген Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында. 

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстары тапсырылды. Жұмыс бүгіннен басталады. 

Жамбыл облысы
Фото:Жамбыл облысы әкімдігі

Айта кетелік Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкеткен еді

Соңғы жаңалықтар