Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында ата-анасына алимент төлеуге қатысты 20 іс қаралып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында кәмелетке толған балалардан ата-анасының пайдасына алимент өндіруге қатысты 20 атқарушылық іс орындалу сатысында тұр.

документы, компьютер
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Алимент өндіру даулары әрдайым кәмелетке толмаған балаларды асыраумен байланысты бола бермейді. Кей жағдайда талап қоюшы ретінде қарт немесе еңбекке жарамсыз ата-аналар шығып, кәмелетке толған ұл-қыздарынан материалдық көмек өндіруді талап етеді.

Облыстық Әділет департаментінің мәліметінше, өңірде ата-аналардың өз балаларынан алимент өндіріп алуға қатысты 20 атқарушылық іс қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, төрт атқарушылық құжат ата мен әженің алимент төлеуіне қатысты. Мұндай жағдайда, егер баланың ата-анасынан алимент өндіру мүмкін болмаса, оны өзге жақын туыстардан өндіріп алу заңмен қарастырылған.

Сонымен бірге, ведомство отбасылық даулардың мән-жайын, тағайындалған алимент мөлшерін және талап қоюға негіз болған себептерді жарияламады.

Осыған дейін Жамбыл облысында алимент төлемеген тұрғынның бас бостандығы шектелгені туралы жаздық.