Жамбыл облысында балалардың астан жаппай улану себебі айтылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде балалар болатын ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күшейтілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.

врачи, больница
Фото: Kazinform

- Иә, жаппай улану және ол аспен байланысты. Тиісті сүртінділер алынып, стафилококк анықталды. Бұл тамақты дайындау мен сақтау технологиясының бұзылуы, соның салдарынан балалар жаппай уланды, - деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министрлік балалар болатын ұйымдарда бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.

- Заңнамаға өзгерістер енгізіп жатырмыз, әсіресе, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылау механизмдерін күшейту бойынша, балалар орналасқан ұйымдар мен бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға қатысты, - дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Жамбыл облысындағы бөбекжайда 10 бала инфекция жұқтырып, ауруханаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар