Жамбыл облысында есірткіні заңсыз сақтаған Қордай тұрғындарына қатысты үкім шықты

ТАРАЗ. KAZINFORM – Шу аудандық соты Қордай ауданының төрт тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз иемденіп, сақтау фактісі бойынша кінәлі деп танып, айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Жамбыл облысында есірткіні заңсыз сақтаған Қордай тұрғындарына қатысты үкім шықты
Фото: Polisia.kz

Тергеу барысында 53,6 килограмм марихуана тәркіленді. Сотталушылардың бұған дейін де осындай ауыр қылмыстар үшін сотталғаны анықталды. Олар өз кінәларын мойындамағанымен, мемлекеттік айыптаушы 4 азаматтың қылмысқа қатысы мен рөлін толық дәлелдеді. 

Қылмыстың қайталануын және бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, сот оларды 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Алматыда интернеттен нұсқау алып, есірткі таратқан жас жігіт ұсталғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар