Жамбыл облысында педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз қызына зорлық көрсетті деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

педофил
Фото: freepik

Осы жылдың сәуір айында Қордай ауылында сотталушы мас күйінде 2019 жылы туған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған.

Оған ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды қарастыратын айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы нақты осы жазаны қолдануды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ отбасы оны кешірмеді. Зардап шеккен тарап заң бойынша жазалауды талап етті.

Жеңілдететін мән-жайларға қарамастан, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұдан басқа, сотталған азаматқа 5 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу міндеттелді.

Бұған дейін республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар